Депутаттар ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынды

Депутаттар ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынды

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәжіліс депутаты Гауһар Танашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасылар үшін нақты көмек болып тұрған жоқ.

"Қазақстан халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау қажет деп санайды. АӘК-ке үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан шаршайды. АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім болмақ. Оның орнына балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет", - деді Танашева вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат әр балаға жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеу қажет деп санайды.

"Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. Екі балаға 140 мың теңге тағайындалады. Ал қазір 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, баспананың жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген", - дейді Танашева.
Осыған байланысты депутат атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста