Синоптиктер алдағы демалыс күндері – 2023 жылғы 11-13 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, қатты жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидроме" РМК жариялаған мәлімет бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, жел 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.
"11 ақпанда Түркістанда, 11-12 ақпанда Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болжанды", – делінген хабарламада.