Дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтатын нормалар қажет – Аймағамбетов

Дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтатын нормалар қажет – Аймағамбетов

Заңда медицина қызметкерлерін қағазбастылықтан арылту, олардан құтқару мәселесіне қатысты қосымша нормалар болуы қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Бүгін Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Депутат Аймағамбетов заң жобасындағы мәселелер әлі де жұмыс тобында қаралатынын айтты.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесі бойынша қосымша шаралар керек. Бүгін қарастырған мәселелер әлі де жеткіліксіз. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша бізге толық кепілдеме керек. «Бір көзбен» сатып алу ма, оның қалай болады? Мемлекеттік сатып алу – ол қиын рәсім. Ертең бұл үлкен проблемаға алып келмейтіндей, нақты жауап керек, - деп айтты ол.


Сондай-ақ субъектілердің жауапкершілігін де толығымен қарастыру керегіне тоқталды.

Медицина қызметкерлерін қолдау, оларды ынталандыру шараларын қарастыру керек. Ол әлі де жеткіліксіз. Ауыз толтырып айтатындай заң болуы керек. Оны медицина қызметкерлері асыға күтіп отыр. Бастысы – қызмет сапасын арттыру. Ондай шараларды да қарастыру керек. Қағазбастылықтан арылту, олардан құтқару мәселесіне қатысты қосымша нормалар болуы қажет, - дейді Асхат Аймағамбетов Мәжілісте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста