Бүгін оңтүстік аймақта қар мен жаңбыр жауады - Қазгидромет
Қазгидромет мамандары 7 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Республикамыздың басым бөлігі әлі де, антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады, еліміздің солтүстік жартысында - қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», - деп жазды синоптиктер.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу