Болат Назарбаевтың көмекшісін шекарадан өткізген адам ұсталды

Жамбыл облысының прокуратурасы Елдос Қоспаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген тұлғаны ұстады.

Бұрын хабарланғанбай, ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевге Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жарияланған.

Іздеу жарияланған тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен.

2022 жылдың 10 қарашасында Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық істі тіркеген.

2022 жылдың 11 қарашасында Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.

Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топ 11 адамнан құралғанын. оның 5-еуі ұсталғанын хабарлады. Ал 6 адамға, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды.

kznews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста