Беттің арын белге түйіп келісімге келуді сұрағаннан басқа не қалады

Беттің арын белге түйіп келісімге келуді сұрағаннан басқа не қалады

Сізден әлдеқайда ірі, қуатты бір бұзақы сізді тілдеп, әбден ұрып - соғып, қалтаңызды қағып тонап, одан соң "қой осы жерден тоқталық, доғаралық" деп сіздің арқаңыздан қағып алдап - сулап жазасыз кете салса қалай болар едіңіз..
Әлбетте жаман болар едіңіз, жынды боп қалар едіңіз. Намысшыл болсаңыз есеңіздің кеткеніне ызаланып, ез болсаңыз жаныңыздың аман қалғанына тәуба қылып ары кете берер едіңіз.
Соңғы күндері кремльден де жиі сондай әңгіме шыға бастады.
Басқыншы ресей Украинаға "келісімге келейік, доғарайық, тоқтайық" деп ашық та, жасырын да белгілер жөнелтіп жатыр.
Кеше оған украин президентінің офис кеңесшісі Алексей Арестович "жо жооқ, о не дегеніңіз, біздің өз одақтастарымызбен бірге Ресейге қатысты өз жоспарымыз бар.
Ол жоспармен біз ресейді де ауыздықтаймыз, оның халқының пиғылын да түзейміз, кешіріңіз, енді біз тоқтай алмаймыз" деп жауап бергендей болды.
Жалпы Арестовичтің шіренетіндей жөні бар.
Украинада қазір атқыш гаубицаның түр түрі бар, "777", "сузанна", "сезар" тағысын тағы..
Соңғы айларда Еуропаның қоймаларында жатқан отқарудың дені бері ағылып жатыр.
Беспилотник - дрондардың да бірталайы бар.
Теңіз соғысына арналған "гарпундар" да келді.
Ал атақты "байрактар" қазір Украинада мода емес.
РСЗО дан — MLRS, HIMERS тердің алды келіп іске кірісіп кетті. Бұлар реактивті артиллерия.
Олар навигаторға байланған дәлдікпен атылатын қарулар, басқыншының дәл төбесінен түсіп жатыр.
Тағы заманауи SMART деген жойқын снаряд атқышы бар.
Украинадағы Джавелин, Стингер, НЛАУ дегендерден үй салуға болады. Бұлар ұсақ түйек боп қалды.
Ол ол ма, батыс елдері Украинаға озық ПВО береміз деп отыр.
Алғашқы Хаймерстің он шақтысы ғана орыс қорғанысын сатыр - гүтір еткізіп шаңырағын шайқап жіберді.
Ал егер "Ленд лизбен" Хаймерстің 60 - 80 данасы Украинаға келсе не болар екен.
Ол кезде Путин Украинадан кешірім сұрап құн төлей ма екен?
Ал олар уже келе жатыр.
Және олар советтің тисе терекке тимесе бұтаққа деп төпелей беретін "смерч - градтары"' емес, батыс рсзо - лары нысанаға асқан дәлдікпен дөп тиетін сұрапыл қарулар.
Путин негізі маладес адам, ол осы соғыспен Украинаны бақайшағына шейін мұздай қаруландыруға шексіз үлес қосты.
Тіпті кеше АҚШ одан ары кетіп қазір Украин ұшқыштарын НАТО ның F 16 истребитель ұшақтарына отырғызып үйретіп, Украинаға осы ұшақтарды жібермек боп жатыр.
Бұйыртса Украина жақын арада іс жүзінде НАТО ның бүкіл қаруын меңгерген қуатты әскери мемлекетке айналады.
Ол да осы Путиннің ерекше еңбегі, оны қалай жоққа шығармақпыз.
Кезінде екінші дүниежүзілік соғыста гитекеңе қарсы әлемде 56 одақтас ел соғысқан екен.
Бүгін батыстағы Рамштайнда жиі бас қосып жиналатын батыс елдері мен оның одақтастарының саны да соған жетеғабыл.
Олар Украинаға заманауи қару - жарақпен ақшаны үйіп - төгіп жатыр.
"Біз осы соғыста Украина толық жеңіске жетпей жәрдемімізді тоқтатпаймыз" деп отыр.
Зеленский жуық арада миллионға жуық сарбаздардан құрылған әскерді майданға саламын деп білегін түріп отыр.
Жұрт Украинаның жақында басталатын контршабуылын асыға күтуде.
Бір сөзбен айтсақ қазіргі Украина 2014 жылғы немесе 2022 жылғы ақпандағы Украина емес, қазіргі Украина әскери әлеуеті НАТО лық деңгейдегі елге айналып қалды.
Бұдан соң Арестович шіренбегенде кім шіренеді.
Ал кремльге іс насырға шаппай тұрғанда, әбден жермен жексен болып жеңіліп масқара болмай тұрғанда, беттің арын белге түйіп келісімге келуді сұрағаннан басқа не қалады.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста