"Бауырсақ-апа". 77 жастағы семейлік әже бауырсақтың 10 түрін пісіре алады

77 жастағы семейлік әже Кәмшат Әбділденова бауырсақтың 10 түрін пісіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті халық "Бауырсақ апа" деп ат қойған қария 18 жасынан бері бауырсақ пісіріп келеді екен.

"Маған бала кезімде анам жұмыртқа қосылған бауырсақ пісіруді үйретті. Бұл бауырсақтың ерекшелігі, бұзылмайды, ұзақ сақталады. Мен негізінен ашытқы қосылған бауырсақты пісіремін. Әйтпесе бауырсақтың ақ бауырсақ, ши бауырсақ, май бауырсақ, шай бауырсақ, тұш бауырсақ, бармақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жол бауырсақ секілді түрлері көп" дейді кейіпкеріміз.


Бауырсақтың 10-ға жуық жасалу әдісін білетін Кәмшат Әбділденова Наурыз секілді мейрам кезінде бауырсақ қана емес, шелпек те пісіреді.

"Қазір бауырсақ пісіруге немерелерім де көмектеседі. Ұлттық құндылықтарымызға қызығушылығы жақсы. Соған қуанамын" дейді әжей.

Кәмшат Әбділденова Абай облысының Бесқарағай ауданы дүниеге келген. Семейдегі Тері зауытында 35 жыл жұмыс істеп, тон тігіпті. Бүгінде төрт баласынан сегіз немере, жеті шөбере сүйіп отырған бақытты жан. Семейдегі "Айша Бибі" қазақ мәдени орталығының мүшесі. Қартайдым деп қол қусырып қарап отырған жоқ, қолөнермен де айналысады, әжелер ансамблінде ән де айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста