Атыраулық жігіт: "Қызыл дипломмен жұмыс таба алмай жүрмін"

Атыраулық жігіт: "Қызыл дипломмен жұмыс таба алмай жүрмін"

Атырауда өткен жұмыс орындары жәрмеңкесіне бес жүзге жуық адам келді, деп хабарлайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге келгендердің қатары көп болды. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің ең кішісі — 21 жастағы университет түлегі болса, ең үлкені — зейнеткерлер.

 

Жәрмеңкеге Атырау облысында орналасқан отыздан астам компания шақырылған. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер де бар. Әр үстелде компания бос жұмыс орыны туралы жазып қойған. Алайда түйіндемесі сәйкес келмесе де, рекрутерлерге құжаттарын тастап кететіндер бар.

 

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының өкілі Маржан Кенжеғалиева бірнеше жас жігіттің түйіндемесін алған. Әуежайға бірнеше жұмысшы керек. Жалақысы — 100 мың теңге.

 

Барлық төлемдерді алып тастағанда, қолына жүз мың теңге қалады. Қызығушылық танытқан жастар бар. Түйіндемелерін алдым. Енді оларға хабарласып, жұмысқа шақырамыз. Бірден жалақысын айтамыз, келіссе ғана түйіндемесін қалдырады, — дейді әуежай өкілі.

 

25 жастағы атыраулық Ерлан Мұратқалиев университетті "Мұнай кен орындарын пайдалану" мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. Бірақ жас жігіт жұмыс таппай жүр.

 

Бірнеше компанияға түйіндеме жібердім. Бірақ ешқайсысы хабарласпайды. Қызыл дипломым шаң басып тұр. Өз көлігіммен таксиші болып, қолым бос кезде ағылшыншамды жетілдіремін. Жұмыс жоқ, қиналып кеттім. Қатарымның алды болдым, енді соңымын, — дейді Ерлан Мұратқалиев.

 

Рекрутер Әлия Дәулетбаева жұмыссыздардың жіберетін бірнеше қателіктерін айтты. Оның айтуынша, олар көбіне түйіндемені қате толтырып, тіпті ұялы телефон нөмірлерін де дұрыс жазбайды екен. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесін тізгенде, нақты қандай міндеттерді атқарғанын көрсетпейді. Сол себепті олардың түйіндемесі автоматты түрде қаралмай қалады.

 

Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, жыл соңына дейін осындай 10 жәрмеңке ұйымдастырылады.

 

"Бүгін отыздан астам компанияны жәрмеңкеге шақырдық. Көпшілігіне дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандар керек. 900-ден астам жұмыс орыны ұсынылды. Кейін қанша адам еңбекке орналасқанын анықтаймыз. Жыл басынан бері үш мыңнан астам адам жәрмеңке арқылы жұмысқа тұрды, — дейді Мәмбетов.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста