Асылып өлген сарбазға қатысты құпияны айтқан адвокат жазалануы мүмкін
Жақында адвокат Сержан Пірәлиев Таразда асылып өлген сарбазға қатысты жантүршігерлік мәлімдеме жасаған. Енді адвокатты құқық орғандары жазаламақшы, деп хабарлайды Экспресс К.
Баспасөз мәжіліс 20 қаңтарда өткен. Адовкат ДНК талдау кезінде анықталған фактілерге тергеушілердің назар аударуын сұрады. Сондай-ақ Пірәлиев сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын айтты.
Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге қылмыстық-процестік кодектiң 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды, - делінген Polisia.kz-те жазылған хабарламада.
Ішкі істер министрлігі осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданған.
2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсады. Экспресс К Жамбыл облысында қайтыс болған шекарашы сарбаз туралы бұған дейін жазды. Сонымен қатар адвокат марқұмның денесіне сараптама жасалғанда аузынан шәует табылғанын" айтқан болатын.