Астаналықтарға 3,5 мыңнан астам SMS-хабарлама жіберілді
"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында елордалықтарға әкімшілік айыппұл туралы 3,5 мыңнан астам хабарлама жіберілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Іс-шара елордада 20-31 наурыз аралығында өтіп жатыр. Ол әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар азаматтарды, сондай-ақ жалған нөмір таққан көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында өткізіледі.
Қасақана айыппұл төлемейтіндердің автокөліктері көлік құралдарының мамандандырылған тұрағына қойылады.
"10 күн ішінде қызметкерлер әкімшілік айыппұл желісі бойынша жалпы сомасы 45 млн теңгеге 3,5 мыңнан астам хабарлама таратты", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 34 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды, олардың иесі әкімшілік айыппұлды төлемеген.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу