Алматылық кәсіпкер 200 баланы мектепке дайындады

Алматылық кәсіпкер 200 баланы мектепке дайындады

Оңтүстік астанада «AMANAT»  партиясының  «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы аясында жеке кәсіпкер, меценат Сабыржан Зайнидинов өз қаражатына 200 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын алып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер онымен шектелмей,  бірнеше көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қаржылай да көмек қолын созды.

 

«Бүгінгі балалар үшін істеп жатқан қайырымдылық әрекетіміз, еліміздің ертеңгі болашағына   салып жатқан инвестиция. Бүгінгі бала біздің ертеңгі болашағымыз, сондықтан бұлардың әрқайсысы  өз қатарынан қалмай, қажетті білім алуы үшін аянбауымыз керек. Ол әрбіріміздің азаматтық парызымыз», – дейді меценат С.Зайнидинов.

 

Аудандық филиалдың ғимаратында өткен қайырымдылық шарасына   көмекке зәру көпбалалы отбасылардың ата-аналары мен балалар қатысты.

 

Еске сала кетейік, әйгілі  қаңтар оқиғасы   кезінде   дәл осы кәсіпкер Сабыржан Зайнидинов, серіктесі Бауыржан Қайыңбаев екеуі халыққа 50  миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын.  Оның ішінде қаладағы 1 000 тұрғынға азық-түлік алу үшін 20 мың теңгеден қолма-қол ақша таратып шыққанын алматылықтар ұмыта қойған жоқ.

Іс-шараға партияның Алматы қаласы  Алмалы аудандық филиалы ұйытқы болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста