Алакөлде таулы аймақ өртеніп жатыр

Алакөлде таулы аймақ өртеніп жатыр

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 8 қыркүйек күні сағат 04:30-да түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жөнелтілді.

 

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Кендір сақал» орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 60 гектарға жетті. Онда құрғақ шөп пен бұталар өртенуде.

 

«Өрттің қылқан жапырақты орманға таралу қаупі бар. Дала өртін сөндіру бойынша ынтымақтастық жоспарына сәйкес облыс департаментіне Алакөл орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлері тартылды. Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қосымша жеке құрамы – 45 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт ошағына дейінгі қашықтық 490 шақырымды құрайды», – делінген хабарламада.

 

«Таңғы мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы болжам бойынша 200 гектарды құрайды. Өрт сөндіру жергілікті жердің таулы болуына, секундына 20 метрге дейін соққан жел екпіні мен метеожағдайға байланысты күрделенді», – деп атап өтті ведомстводан.

 

Өрт сөндіруге 173 адам, 1 тікұшақ, 16 техника, 70 аспалы бүріккіш және 6 жылқы жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста