«Әке, мен мұндамын, бірақ ауа жетпей жатыр»: Түркияда үйінді астында егіздер қаза тапты

Фермер Фикрет Өмердің 17 жастағы егіз ұлы 7,7 балдық жер сілкінісі кезінде үш қабатты үйдің астында қалып, қаза тапты. Егіздердің ата-анасы сол күні болған оқиғаны айтып берді, – деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Show Ana Haber-ге сілтеме жасап.

“Жер сілкінісі қанша секундқа созылғанын білмеймін. 5 секундтан соң үйінді астында қалдық. Жер сілкінісі тоқтаған соң, жан-жағымды түгендей бастадым. Кімнің аман қалғанын білгім келді. Алиджан дедім, жауап болмады. Емреджан дедім, “Әке, мен мұндамын, бірақ ауа жетпей жатыр” деді ол. Әйелім Алиджанның қайтыс болғанын білген соң жылай бастады. “Сабыр ет, Алиджан өлді, тым болмаса, Емреджанның көңілін түсіретін сөз айтпа” дедім. Емреджан да ұзаққа шыдамады. “Әке, ана, ақыңызды адал етіңіз. Мен өліп барамын” деді. Біз ақымызды адал еттік. Артынан ұлым кәлима шәһадатты айтты. Екеуі де бааламада (түрік аспабы) ойнайтын еді. Екеуі де ұшқыш болғысы келетін. Қалай бұл дүниеге бірге келсе, солай бірге өмірден озды”, – деді егіздердің ата-анасы.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 44 374 адам қаза тапты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста