Абай облысында қаңғыбас жануарлар паналайтын ғимарат салынады
Абай облысында қаңғыбас жануарлар паналайтын ғимарат салынады, – деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде қаңғыбас жануарлар паналайтын ғимарат салу көзделіп отыр. Қазір оның нақты қай жерде орналасатыны талқылануда.
Өкінішке қарай, Семей қаласының өзінде қаңғыбас жануарларға арналған бірде-бір мамандандырылған ғимарат жоқ.
«Тек уақытша ұстау пункті бар. Негізінен, тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда қаңғыбас ит-мысықтың иелері бар болып шығады. Көше кезген жануарларды аулау жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 35 ит ауланған. Осы ретте, «4 табан» қоғамдық қорымен бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге қол қойдық. Қаңғыбас жануарлар паналайтын ғимараттың қай жерде орналасатыны шешілген соң құрылыс жұмыстарына тиісті қаржы бөлінеді», – дейді басқарма басшысы Ержан Барышев.