Дәл қазір әлеуметтік желіде ұзату рәсіміндегі ерекше бейнежазба қызу талқылануда, деп хабарлайды Экспресс К.
Ғаламторда тараған видеоға зер салсақ, егде жастағы әлгі әйелді бір топ құрбы-құрдастары мен ақжаулықты әжелер сыңсу айтып, шығарып салуда. Жаңа өмірге қадам басқан қалыңдықтың жасы 63-те көрінеді.
63 жасқа келіп ұзатылды. Оқып-тоқып, жұмыс істеп, ел көріп, қызық көріп, енді тұрмысқа шығып жатыр. Дұрыс жасаған ба? — деп жазды видео авторы.
Бұл ұзату тойы еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Ал бейнежазбаны көрген көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі 60 жастан асқанша тұрмыс құрмаған әйелді сынаса, желідегі жұрттың енді бір легі егде жастағы қалыңдыққа бақыт тілеп жатыр.
"Тойдың не керегі бар? Адамдар естен ауысқан ба? Масқара!", "Шықса, шықсын. Бірақ басындағы қызыл орамал несі? Екіншіден, 63 жаста сыңсу не керек?", "63-те байға шыққанын жарияламай-ақ жүре берсеші", "Ештен кеш жақсы. Бұл — тағдыр", "Бақытты болсын", — деп жазды халық.