15 млн теңгеге сатылған мектеп: әкім мәлімдеме жасады

15 млн теңгеге сатылған мектеп: әкім мәлімдеме жасады

Қоғамда резонанс туғызған Алматы облысындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Әкім 15 миллион теңгеге сатылып кеткен ғимаратқа қатысты сотқа арыз түскенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылған. Бұл ғимаратты мемлекеттің  құзырына қайтару үшін менің тапсырмама сәйкес 2023 жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданды. Қосымша Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. 25 мамыр және 2 маусымда сот отырыстары өткізілді. Айтайын дегенім, құрметті аудан тұрғындары, бұл жұмысты біз үш ай бұрын бастап қолға алғанбыз. Заңға сәйкес, мемлекетке қайтарып, ел игілігіне пайдаланамыз» деп жазды Жасұлан Естенов.
Айта кетейік, жекенің қолына өтіп кеткен мектептің мәселесін мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Парламент қабырғасында көтерген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста