8 Қыркүйек

Қыркүйектің 8-і
Алаштың атаулы күні
• Бес жыл бұрын (2007) Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
• Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл – чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі – Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Осы журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен IV конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.
• Халықаралық сауаттандыру күні.
Туған күн иелері
Мұрат Қалматаев (1936) – әскери және саяси қайраткер, отставка­дағы генерал-майор, журналист, Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері;
Хисмет Табылдиев (1936) – тарих ғылымының докторы, профес­сор,  ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі;
Ерік Мусин (1950) –  медицина ғылымының докторы;
Раушан Сатова (1950) – экономика ғылымының докторы, профессор;
Сергей Кулагин (1952) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
Сапарбай Парманқұлов (1956) – «Дала мен қала» газетінің бас редакторы, белгілі журналист, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері;
Асқар Нұрғазиев (1956) – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары;
Серік Нөгербеков (1962) – ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
Мұрат Құдышев (1963) – Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
Азат Перуашев (1967) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Дәурен Дияров (1970) – «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
Айдын Қаба (1980) – «Алаш айнасы» газетінің жауапты хатшысы.
Қыркүйектің 9-ы
Алаштың атаулы күні
• Жеті жыл бұрын (2005) Алматыда «Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі» атты естелік кітабы жарық көрді.
 Алты жыл бұрын (2006) Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды.
• Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні.
Туған күн иелері
Әкім (Әшімов) Тарази (1933) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Дүкенбай Досжан (1942) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Жеңіс Сейітпағамбетов (1945) –  техника ғылымының докторы;
Сіләм Әбсәметов (1947) – заң ғылымының докторы, профессор, генерал-майор;
Гүлжан Қарақұсова (1950) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымының докторы, профессор;
Сәулебек Күнғожинов (1952) – полиция генерал-майоры;
Қанатбек  Мұқанов (1966) – Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, медицина ғылымының докторы, профессор;
Жолдасбек Нүсенов (1966) – Халықаралық бизнес академиясының бірінші проректоры, полковник;
Ерлан Төрәлиев (1977) – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
Қыркүйектің 10-ы
Алаштың атаулы күні
• 1894 жылы Алаш қайраткері Сұлтанбек Қожанов дүниеге келді.
• 107 жыл бұрын (1905-1986) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ағарту ісінің үздік қызметкері Әуелбек Қоңыратбаев дүниеге келді.
• 1919 жылы Қазақ революциялық комитеті мен Орынбор губерниялық коми­тетімен біріккен отырысының нәтижесінде Орынбор губерниясын Қазақстан құрамына кіргізу туралы шешім қабылданды.
• 87 жыл бұрын (1925) сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылор­дада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды.
• 20 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек кеңша­рында қазақ халқының батыр ұлы, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды.
• Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ).
Туған күн иелері
Амангелді Айталы (1939) – «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы, философия ғылымының докторы, профессор, академик, «Парасат» орденінің иегері;
Ақылбек Ахметов (1948) – педагогика ғылымының докторы, профессор, академик;
Ерлік Жанділдин  (1964) – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі;
Тимур Құлыбаев (1966) – Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі, экономика ғылымының кандидаты;
Айдос Сарым (1975) – «Алтынбек Сәрсенбаев қорының» директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста