5 Ақпан
Ақпанның 5-і
Алаштың атаулы күні
• 1220 жылы Шыңғысхан Отырарды хорезмдіктерден азат етті.
• 1991 жылы Фрунзе қаласының аты өзгертіліп, Бішкек аталды.
Туған күн иелері
Ермек Жұмабеков (1945) – Жалпы генетика және цитология институтының директоры, биология ғылымының докторы, профессор;
Элеонора Баталова (1949) – «Алматыкітап» ЖШС президенті;
Манас Сихымов (1950) – генерал-майор;
Түсіпхан Түсіпбеков (1953) – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Бағдат Сәмединова (1954) – әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс.
Ахметжан Сәрсембаев (1955) – Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, полковник;
Бейбіт Мамыраев (1957) – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымының докторы, профессор;
Ермек Сейсенбаев (1959) – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқасының төрағасы;
Жәнібек Нұрсейітов (1959) – экономика ғылымының докторы;
Ақжан Ештай (1961) – Ақмола облыстық сотының төрағасы;
Диар Қонаев (1961) – «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты;
Тимур Әбижанов (1963) – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары;
Мадияр Алдоңғаров (1963) – Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары;
Дидар Амантай (1969) – «Қазақфильм» ҰҚ бас редакторы, жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
Болатбек Баймешов (1974) – Президент теле-радио кешенінің продюсері.
Ақпанның 6-сы
Алаштың атаулы күні
• 1928 жылы «Жаңа әдебиет» (қазіргі «Жұлдыз) журналының алғашқы саны жарыққа шықты.
• Халықаралық бармен күні.
Туған күн иелері
Аманжол Сейітжанов (1946) – Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі;
Сансызбай Жорабеков (1950) – Жамбыл облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы;
Әбілғазы Құсайынов (1952) – көлік және коммуникация министрі;
Кеңесбек Махамбетов (1952) – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры;
Бақытжан Жақыпов (1953) – Жоғарғы сот судьясы;
Мәриям Қабденова (1955) – әділет полковнигі;
Абай Қарпықов (1955) – кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер;
Мергенбай Жаппаров (1960) – Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник;
Хамардин Махашев (1960) – KazEmir Group компаниясының бірінші вице-президенті;
Шалқар Байбеков (1967) – Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
Ғали Есқалиев (1970) – «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы;
Болат Тілепов (1978) – Астана қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бастығы.
Ақпанның 7-сі
Алаштың атаулы күні
• 81 жыл бұрын (1930) Созақ көтерілісі басталды. Көтерілісті ұйымдастырушы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланды. Көтерілісшілер «Кеңес үкіметі құрысын!», «Хандық өкімет жасасын!» және «Қазақ үкіметі жасасын!» деген ұрандар тастады.
Туған күн иелері
Ерқара Аймағамбетов (1947) – Қарағанды экономика университетінің ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Болат Берекетов (1947) – генерал-майор;
Сұлтанбек Ысқақов (1947) – Астана қалалық мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының бастығы;
Қалқазбек Әжібеков (1948) – «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;
Ислам Медеубаев (1948) – Ақтөбе облыстық мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының бастығы;
Талғат Тілеуов (1948) – тарих ғылымының докторы, профессор, академик;
Владимир Түзіков (1951) – запастағы генерал-майор;
Асылбек Бөрібаев (1955) – «ҚазАгроЭкс» АҚ президенті;
Ибрагим Қабдығалиев (1957) – Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі;
Еділ Қазыханов (1962) – техника ғылымының докторы;
Арман Ізбасов (1971) – «Ақсайгазсервис» АҚ бас техникалық жетекшісі;
Диас Жамаш (1976) – Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ушу-саньдадан әлем чемпионы, Қытайда өткен әлем чемпионатының абсолюттік чемпионы;
Елдар Сыздықов (1980) – Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Айбын Шағалақ (1980) – «Алаш айнасы» газеті Астана бюросының жетекшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ДИАР – қазақтың аяулы ұлы Дінмұхаммед Қонаев (інісі) пен классик жазушы Мұхтар Әуезов (қызы) құда болып, немерелеріне осы есімді берген. Дінмұхаммед есімінен «Ди», Мұхтар есімінен «ар» жалғауларын қосып, «ДИАР» ныспысын дүниеге әкелді. Есімі ел-халқының жүрегінде сақталатын жақсы азамат болсын, алғысқа бөленсін деген жақсы ниетпен ырымдалып қойылған. Ел ішінде сирек кездесетін есім. Және де араб тілінде «Диар» сөзі – «Отан, өлке, аймақ» мағынасын білдіреді.