29 Маусым

Маусымның 29-ы
Алаштың атаулы күні
• 1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед Хайдар Дулатиге мүсінтас қойылды.
• 2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Туған күн иелері
Қалдыбек Пірәлиев (1941) – химия ғылымының докторы, профессор, академик;
Бейбіт Дәлденбаев (1955) – композитор;
Бірлік Ережепов (1957) – «Мемлекеттік сараптама» РМК бас директоры;
Қайнар Олжай (1958) – «Қазақстан» РТРК Аймақтарға хабар таратуды дамыту жөніндегі дирекцияның директоры;
Берік Бәйішев (1960) – Алматы банктік оқыту орталығының алыстан оқыту жөніндегі директоры;
Сырым Бекенов (1960) – ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК директоры;
Уәлихан Нұрмұхамедов (1965) – «Ордабасы» корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы;
Айдар Сейітқасымов (1965) – «ҚР Ұлттық банкі резерв орталығы» АҚ бас директоры;
Фархад Қарағұсов (1971) – заң ғылымының докторы;
Ербол Орынбаев (1971) – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
Ботагөз Қапарова (1977) – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы директорлар кеңесінің мүшесі.
Маусымның 30-ы
Туған күн иелері
Кеңес Юсуп (1941) – жазушы, журналист, аудармашы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері;
Ханбибі Есенқарақызы (1949) – ақын, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қызметкері;
Тұрдықылыш Ізтай (1949) – Қазақстан Композиторлар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, ком­по­зи­тор;
Қуаныш Елубаев (1951) – «Мұғалжар нефтестрой» ЖШС директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты;
Сергей Әзімов (1954) – кинорежиссер, «Танарис» кино­компаниясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қай­раткері,
Марат Нұрғожин (1957) – техника ғылымының докторы, профессор, академик;
Жанат Сейітов (1963) – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
Мұхтар Тілеуберді (1968) – Қазақстанның Швейцар Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі;
Хайролла Көшқалиев (1968) – «Атырау-Моторс» ЖШС бас директоры;
Руслан Бөлтіріков (1971) – Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
Тимур Балабаев (1971) – халықаралық дәрежедегі шахмат шебері;
Айталап Құрғамбаев (1974) – Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы;
Дәурен Жақсыбек (1978) – «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы.
Шілденің 1-і
Алаштың атаулы күні
• 1988 жылы «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны жарық көрді.
• 1994 жылы Алматы қаласында Райымбек батыр кесенесі ашылды.
• 1994 жылы қазақ ғарышкері, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаев көк жүзіне алғаш сапарлады. Бұл ғарыш сапары алты айға созылды.
Туған күн иелері
Асқар Құлыбаев (1937) – техника ғылымының докторы, академик, «Мұнайшы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
Алмасбек Әбдірахманов (1939) – генерал-майор;
Шолпан Сармұрзина (1939) – тарих ғылымының докторы;
Мұхтар Еркетаев (1945) – «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары;
Бекмахан Құралбаев (1947) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Мейірхан Сатыбалдин (1956) – Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы;
Ғалия Молдакәрімова (1956) – ҚР халық әртісі, доцент, профессор, қобызшы;
Нұрмахан Жолдасов (1959) – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;
Мунавара Палташева (1959) – Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры;
Серік Оспанов (1964) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
Ерлан Исекешев (1975) – Falah Partners инвестициялық қорының тәуелсіз директоры;
Есжан Біртанов (1975) – ҚР Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары;
Динара Сейтжаппарова (1975) – «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
Сүйіндік Түрекелдиев (1975) – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық бақылау және реттеу комитеті төрағасының орынбасары;
Шілденің 2-сі
Алаштың атаулы күні
• 1996 жылы ҚР «Саяси партиялар» туралы Заңы қабылданды.
• 1998 жылы ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды.
• Дипломатиялық қызмет күні.
• Спорт журналистерінің халықаралық күні. Халықаралық спорт бас­па­сөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бері тойланады.
Туған күн иелері
Кеңесбай Үшбаев (1940) – фармацевтика ғылымының докторы, профессор, академик;
Мұхтар Шаханов (1942) – Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері;
Амангелді Әшіров (1949) – Ақтөбе облыстық әділет департаментінің бастығы;
Жеткерген Арзықұлов (1957) – медицина ғылымының докторы, профессор, академик;
Сұлтан Құсетов (1959) – Павлодар облыстың ІІД бастығы, әділет генерал-майоры;
Қозы-Көрпеш Жаңбыршин (1960) – экономика ғылымының докторы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;
Нұрлан Тілеубаев (1966) – «Қазақстан Астық одағы» ЗТБ президенті, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы;
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста