24,25 МАУСЫМ

24,25 МАУСЫМ

Маусымның 24-і

Туған күн иелері
Сейіт Қасқабасов (1940) – Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, академик;
Ораз Исмаилов (1940) – жазушы, драматург;
Валерий Доскалов (1944) – Мәжіліс депутаты;
Қазыбек Бақтыбек (1945) – физика-математика ғылымының докторы, профессор;
Гүлсара Алтынбекова (1956) – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры;
Бейсембай Жұмабеков (1964) – Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы;
Әбубәкір Смайылов (1965) – «7 арна» ақпараттық бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;
Серке Қасенов (1974) – «ҚазТрансОйл-сервис» АҚ бас директорының орынбасары;
Арман Тіленшин (1973) – Қостанай облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полковник.

Маусымның 25-і

Алаштың атаулы күні
• 1916 жылы әйгілі «Июнь жарлығы» шығып, оның соңы халық көтерілісіне ұласты. Орыс патшасы алдындағы келісімдерді белден басып, оны өрескел бұза отырып, майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19 бен 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөнінде жарлық шығарды. Бұл жарлық қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды. Жалпы, майдан тылындағы қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылған. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
• 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.

Туған күн иелері
Марат Нұрбеков (1942) – Алматы қалалық сотының төрағасы;
Ерғанат Дүйсекенов (1951) – «Қорғау» зейнетақы жинақтаушы қорының Павлодар облыстық филиалының директоры, полковник;
Бақытжан Ертаев (1952) – Халық қаһарманы, Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант;
Жақсыбай Жұмаділов (1953) – «Астана медициналық университеті» АҚ ректоры, медицина ғылымының докторы;
Серік Ахметов (1958) – Қарағанды облысының әкімі, экономика ғылымының докторы;
Тайгелді Дәуітқұлов (1958) – Алматы облыстық соттар әкімшісі;
Серік Ақылбеков (1959) – Мәжіліс аппаратының бас консультанты;
Тимур Бекмамбетов (1961) – кинорежиссер;
Ерғали Білісбеков (1961) – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
Мұхтар Әбдірахманов (1965) – «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Бақытжан Сәпиев (1966) – Алматы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы;
Ерлан Сайыров (1970) – Мәдениет министрлігі Мәдени саясат және өнертану институтының директоры;
Әбдіжәми Құлдүйсенов (1972) – Жамбыл облыстық соттар әкімшісі.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

abish1

Әбубәкір – араб сөзінен шыққан. «Әбу» – әке, «бәкр» таза, пәк деген мағына береді. Яғни «Бәкірдің әкесі» деген сөз. Ел ішіне ислам діні кеңінен қанат жайғаннан кейін тарала бастаған ныспы. Пайғамбарымыздан кейінгі ұлық халифа болған Әбубәкір Сыдықтың құрметіне жаңа туған нәрестеге ырымдап қояды. Қазақ арасында бұл есім көбіне қысқартылған түрде «Әубәкір» болып айтылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста