Қазанның 20-сы
Алаштың атаулы күні
1934 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты құрылды.
Халықаралық авиадиспетчер күні. 1961 жылғы қазанның 20-сында Амстердамда Әуедиспетчер одағының халықаралық федерациясы құрылды, бұл жағдай әуе көлігінің даму тарихының маңызды белгісі болды.
Дүниежүзілік остеопороздан алдын ала емдеу күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, Ұлыбританияның Ұлттық остеопороз қоғамының ұйымдастыруымен 1999 жылдан бастап аталып өтіледі.
Туған күн иелері
Әбдіжәмил Нұрпейісов (1924) – Халық жазушысы;
Нұрғожа Ораз (1932) – ақын, «Жаңа Сарыарқа» журналының бас редакторы;
Ізбасар Рахымбаев (1936) – биология ғылымының докторы, профессор, академик;
Орынбай Рахманбердиев (1943) – ҚР Парламент Сенатының депутаты;
Бегім Төлепбаев (1947) – Алматы облыстық статистика департаментінің бастығы;
Болат Әбдірахманов (1955) – экономика ғылымының докторы;
Қайрат Әбусейітов (1955) – Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі;
Гүлнар Тоқсейітова (1955) – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
Жәния Ералиева (1961) – ақын;
Ғалия Әбілова (1965) – ҚР Туризм және спорт министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры;
Гүлнар Ахметова (1965) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі;
Бақытжан Алдияр (1974) – ақын, Республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері;
Дәурен Төлеуханов (1976) – ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;
Арман Қырықбаев (1976) – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘБДІЖӘМИЛ – арабтың «әбді» (құл) және «жәмил» (әдемі, Алланың сипаты) сөздерінің бірігуінен құралған есім. «Жан дүниесі әдемі, таза, мөлдір, Алланың құлы» деген мағына береді. Бұл ныспы қазақ даласына ислам діні кең тараған тұста келген. Мұқым мұсылман қауымы өмір есігін жаңа ашқан сәбиге «Алланың сүйген құлы болсын, рухани тазалыққа жетсін» деген жақсы ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.