Қыркүйектің 19-ы
Алаштың атаулы күні
• 107 жыл бұрын (1905-1983) ақын Асқар Тоқмағамбетов дүниеге келді.
• 57 жыл бұрын (1955) Оралда «Уралагрореммаш» зауытының негізі қаланды.
• 7 жыл бұрын (2005) Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры, дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды.
• «Смайлдың» туған күні. 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги – Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды.
Туған күн иелері
Ілияс Тортаев (1953) – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі
Гүлнар Ысқақова (1960) – «Тұран» мектеп-лицейінің директоры;
Әнуар Сәйденов (1960) – «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, экономика ғылымының кандидаты;
Азамат Ибадуллаев (1974) – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
Дархан Медеубай (1978) – ҚР Парламент Мәжілісі аппаратының халықаралық байланыс және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Дәуренбек Әркенов (1979) – әнші, республикалық, халықаралық байқаулардың иегері.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ӘНУАР – таза араби есім. Арабшада «ануар» болып айтылатын бұл сөздің қазақшадағы аудармасы «жарқын», «айшық», «анық» және «тұнық» дегенге саяды. Жаңа туған сәбиге «айы оңынан тусын, Жаратқан жолын оңғарсын, жолы ашық, көрер күні жарқын болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездесетін есімдердің бірі.