Қаңтардың 19-ы
Алаштың атаулы күні
• 1940 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институты деген атпен құрылды.
Туған күн иелері
Сәрсенбі Дәуітов (1947) – ақын, аудармашы, зерттеуші;
Намазалы Омашев (1950) – филология ғылымының докторы, профессор, академик;
Ғұсман Төлеғұл (1950) – Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы;
Қармыс Боқанов (1956) – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі;
Мирболат Нұртазин (1956) – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі;
Ерген Дошаев (1958) – Парламент Мәжілісі аппаратының жетекшісі;
Нұрлан Мусин (1963) – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ бас директоры;
Ғабит Миразов (1965) – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі;
Аманкелді Бәракатов (1966) – Атырау облыстық мәслихатының депутаты;
Марат Жұматаев (1966) – Қазақстанның Британиядағы әскери атташесі, полковник;
Қайрат Боранбаев (1967) – кеден қызметінің полковнигі;
Ерлан Байтұқбаев (1969) – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, аға әділет кеңесшісі;
Гүлфариза Рамазанова (1970) – Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы;
Дина Шәженова (1974) – Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы;
Айнұр Сенбаева (1984) – «Алаш айнасы» газеті мәдениет бөлімінің тілшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
НАМАЗӘЛІ – діни ныспы. Парсының «намаз» (ғибадат, құлшылық) және арабтың «әлі» (асқақ, ұлы) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Жаңа туған нәрестеге «құлшылығымен, ғибадатымен ұлы Жаратушының назарында болсын» деген мағынада беріледі.
ҚАРМЫС – бұл есім көнерген түркі сөзінен шығады. Бұл күндері Көкше жұрты «есесін қайтару, кек алу» дегенді қармыс деп айтады. Сәбиге «ешкімге есесін жібермейтін, өжет, өр болып өссін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде өте сирек кездеседі.