Жігіт интимді видеоны желіге салам деп қорқытып жас қызды 6 ай бойы зорлап келген

Отандық заңгер Айгүл Орынбек шымкентте зорланған қыздың суицид жасағанын хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде ол қызды өз қарамағына алып, жағдайды бақылап отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы танымал заңгер Айгүл Орынбек айтып берді.

«Екі кештің арасындағы суыт хабар, Шымкенттен жеткен мына жаңалық Астанада жүрген мені есімнен тандырды. Шыбын жаны шырқырап жылаған ананың жан даусы, бүкіл жұмысымды тастап Шымкентке ұшуға алып келіп отыр.
Анасы екеуміз қыздың психологиясын қалпына келтіру үшін бәрін жасап жүргенімізде жігіт тарапы қызды зорлағаны аздай, бүгін суицидке итермелеген. Қыз қазір больницада, полицияға хабар беріліп, өлімге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс ашылды. Жігіттің өзі сотталып кетейін деп тұрғанда, енді жігіттің әпкесіне қылмыстық іс ашылуы мүмкін. Онсыз да зорлық-зомбылық көріп, жүйкесі жұқарып жүрген қызға қысым жасауға болмайтынын әпкесі әйел басымен білмеді ме екен? Әлде адамдар шынында қатыгез болып кеткен бе? Қоғамнан өз-өзін шеттетіп жүрген балапан бүгін өзін өлімге қия салыпты.... Анасы екеуміздің еңбегіміз еш кетті...Қыздың жүйкесі тағы қатты соққы алды... Алты ай зорлық көріп, одан қалса жігіттен таяқ жеп, бүкіл үйіндегі ақшаларын зорлаған жігітке апарып беріп отырған. Себебі жігіт "зорлаған видеоны интернетке шығарып жіберем" деп бопсалап келген.

Қоғамға жария қылмай қылмыстық істі үнсіз сотқа жеткіземін деп ойлаған едім, бірақ іс бүгін басқа арнаға бұрылды... Өкінішті», - деп жазды желі парақшасында заңгер.

Портал тілшісі заңгерге хабарласып, өзіне қол салмақ болғды деген қыздың жағдайын білді. Айтуынша, қазіргі таңда қыз ауруханада, денсаулығы бірқалыпты. Алғашында 14 жастағы шымкенттік жасөспірім ғаламтор арқылы жас жігітпен танысады. Таныстық соңы зорлық фактісіне әкеп соғыпты.

«Қазіргі таңда жігіт қыз зорлау ісі бойынша уақытша қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Жасөспірімнің анасы жігіттің әпкесі қызына телефон арқылы қысым көрсеткенін айтты. Содан қыз дәрі ішіп, қолының тамырын кесіп, өзін қол салмақ болады. Суицидке итермелеу бабы бойынша да іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр» деген заңгер сөзінің соңында әлеуметтік желі арқылы танысудың соңы оқыс оқиғаларға әкеп соғуы жиілеп кеткенін айтып дабыл қағып отыр.

«Бүгінде ғаламтор арқылы танысу қауіп төндіріп отыр. Көп жігіттір желі арқылы бойжеткендермен танысуды нағыз табыс көзіне айналдырып алған. Олар алдымен қыздармен танысып, кездесуге шақырады. Кейін арам пиғылды ойын жүзеге асырып, видоеға түсіріп алады да онсыз да зорлық көріп түңілген қыздан «Абыройыңнан айырылдың, енді сені кім алады? Бүкіл елге масқаралаймын» деп ақша бопсалап отырады. Мұндай жағдайларды айта берсем, өте көп. Тіпті саябақтың әжетханасында зорланып жататындар да кездеседі», - деді Айгүл Орынбек.

Сөзінің соңында заңгер ата-аналарға қыздары ғаламторда кіммен сөйлесіп отырғанын, қайда кездесуге кетіп жатқанын бақылауға алса деген өтінішін жеткізді. Ал жас қыздарға жігітпен танысарда сақ болуға кеңес берді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста