Жетісуда 8-сынып оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Жетісуда 8-сынып оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Жетісу облысында кәмелет жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, 30 жастағы әйел кәмелет жасқа толмаған екі қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп қана қоймай, жеңгетайлық жасап, адам іздеген.
 
"Ол алдау арқылы 8-сынып оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Тоғыз ай бойы заңсыз табыс тауып, барлық ақшаны өзіне алып отырған", - деді Нұрмағамбетов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.
 
Күдікті Қылмыстық кодекстің 134-бабы, 1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 309-баптың 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша жауап береді.


Ал Петропавл қаласында тағы бір жеңгетай ұсталды. Ол тұрмысы нашар отбасылардан шыққан қыздарды іздеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Осылайша Қостанай қаласында 19 жастағы қызды тапқан. Оны Петропавлда 250 мың теңгеге сатып жіберген.


Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 1-бөлігі (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста