Жетісу облысы ТЖД бастығы ұсталды
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны туралы ақпаратты 19 шілдеде Zakon.kz сайтына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Ведомстводағылар мән-жайды сәл кейінірек жариялайтынын айтты.
"Иә, біз оның сыбайлас жемқорлық үшін сотталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді. Толық ақпарат сәл кейінірек болады"деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Олар Бауыржан Ізбасаровқа қатысты қандай бұлтартпау шарасы (қаладан кетпеу, кепіл, үйқамақ, қамауға алу туралы жазбаша міндеттеме) таңдалғанын нақтыламады.
2023 жылғы 19 шілде күні таңертең Талдықорғанда Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны белгілі болған. Дереккөздің айтуынша, полковникті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстап әкеткен.
Бауыржан Ізбасаров бұл қызметті 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz