Видеоны жариялаймыз деп қорқытып, әйелдің 22 млн теңгесін алған

Видеоны жариялаймыз деп қорқытып, әйелдің 22 млн теңгесін алған

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, соңғы екі жыл ішінде белгісіз адамдар жәбірленушіден ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін бейнежазбалардың таралуына қауіп төндіріп, ірі мөлшерде ақша бопсалаған. Жалпы, күдіктілер 22 млн теңгеден астам қаражат алған.  

 

Бұл адамдарға ақша беруге мүмкіндігі жоқ қала тұрғыны полицияға арызбен жүгінді.

 

 

– Арнайы іс-шараларды өткізу барысында Павлодар полицейлері, “Арлан” арнайы бөлімшесінің қатысуымен кезекті ақшалай қаражатты беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны қорқыту арқылы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған кезде облыс орталығының тұрғындары белсенді қарсылық көрсеткенін атап өткен жөн. Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста