Түрмедегі әйелдердің зорланатыны рас па?

Түрмедегі әйелдердің зорланатыны рас па?

Әмірболат Құсайынұлы есімді желі қолданушысы "Жауғашты" әйелдер колониясындағы жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, колониядағы әйелдердің жартысы жоғары білімді, түрлі қызмет атқарған. Олардың арасында зорлыққа ұшырағандар да бар.

 

"Жауғаштыдағы әйел колониясына жылына бірнеше рет барып тұрам. Жазасын өтеп жатқандардың жартысына жуығы жоғары білімді және түрлі қызметте болған, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер. Экономикалық қылмыспен қамалғандарының ішінде бітпес өксік бар. Бастықтары лақтырып кеткен, биліктегі жылпостардың жетегіне түсіп қалған, құжаттарға қол қойған, ақырында құрбан болған дегендей. Адам өлтірген, анаша сатқан, сақтағандарға рақымшылық бар, ал қаржылық қылмыспен қамалғандардың бірде біреуі рақымшылыққа ілінбеген. Қамалып бір, миллион, миллиардтарды төлеп екі күйіп отырғандар. Он бәлен жылды арқалап кете барғандары көп. Қапастағы 570 әйелді ҚАЖД қарайтын 80-ге жуық жігіт күзетеді. Бірнеше рет қамаудағы әйелдермен "махаббат" хикаясы орын алған, зорлыққа ұшырап, босанған жағдай да болған.

 

Түрменің ішіндегі балабақшада үш жасқа дейінгі 32 бала бар. Айтпағым бұл емес, сол сотталған әйелдер Жаңа Қазақстанның депутаттарын көргілері келеді, кездесуге келсе дейді, айтар арыз-шағымдары аз емес. Заңның қарама-қайшы, кереғар тұстарын да жаттап алған. Түрменің ішкі жағдайы да оңып тұрған жоқ, бір залда 65-90 адам аралығында ұйықтайды. Күн де, түн де ыстық, кондер жоқ. Су ол жиі үзіледі. Нартай Сарсенғалиев, өзіңді күтіп жүрген әйел көп бұл жақта. Сырттағы еркіндік, бостандықтың қадірін қапаста жатқандар жақсы түсінеді", – деп жазды ол.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста