Таразда 19 жастағы қыз ұялы телефонының несиесін өтеу үшін анасының бұйымдарын ұрлаған
Таразда 19 жастағы қыз ұялы телефонының несиесін өтеу үшін анасының заттарын ұрлап кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Анасының сөзінше, белгісіз біреу пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды.
Күдікті өзінің бұл әрекетіне ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болғанын себеп етті. Ол ұрлаған заттарын ломбардқа өткізген.
“Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр”,- деді ведомство.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу