СҚО полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәбиді тапты

СҚО полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәбиді тапты

СҚО полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

 

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін анықтады.

 

Сондай-ақ оқиға орнынан алыс емес жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

 

2022 жылы туған бала жарақаттар алмағаны белгілі болды. Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталды.

 

Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты.

 

Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.

 

Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу” және 119-бабының 1-бөлігі “Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста