ШҚО-да ер адам жанжалдан кейін көршісінің терезесіне оқ атқан

ШҚО-да ер адам жанжалдан кейін көршісінің терезесіне оқ атқан

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атып, 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған.

 

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

 

Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

 

 

Ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізу барысында полицейлер 12 калибрлі екі патронды, ИЖ-18 ЕМ-М бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан.

 

Белгілі болғандай, сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған.

 

Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі әлгі көршісінің терезесін нақтылаған. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен.

 

Кейінірек, сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жаза көзделген.

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста