Сарыағаштың саунасында жезөкшелердің жұмысы қызып тұр
Түркістан облысы полицейлері Сарыағаш ауданында жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД КПБ-на Сарыағаштық тұрғын арызданған. Ол өзінің арызында Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлаған.
Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР ҚК-нің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне енгізілді.
Тұрғынның хабарламасын ала салысымен заңсыздыққа жол бермеу, істің толық мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД КПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде шынында Сарыағаш қаласындағы аталған саунаның жұмыс істеп тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынды
Осы жоғарыда көрсетілген Өзбекстан Республикасының азаматшалары Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды. Сондай-ақ сауна әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-"Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта аталған жайт "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда.