Қызылордадағы үш демалыс орнында келушілерге жезөкшелер қызметін ұсынған
Қызылорда қаласында келушілерге жезөкшелер қызметін ұсынған 3 демалыс орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы 22 қарашадан бастап «STOP-трафик» жедел шара жүргізуде. Аталған операция адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және оның алдын алуға бағытталған.
«Шара барысында басқарманың жедел уәкілдері жеңгетайлықтың жолын кесті. Қала орталығында орналасқан «3 демалыс орнында клиенттерге жезөкше қызметі ұсынылады» деп хабар түскен болатын. Тексеру барысында ақпарат расталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Ал жезөкшелікпен айналысқан тұрғындар тіркеуге алынды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске слсақ, бұдан бұрын қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды достарымен келіп тонап кетті.