Қылмыстық топтан 133 үй, 11 жер телімі, 35 автокөлік тәркіленді

Қылмыстық топтан 133 үй, 11 жер телімі, 35 автокөлік тәркіленді

133 жылжымайтын мүлік, 11 жер телімі, 35 қымбат маркалы автокөлік. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарынан тәркіленген дүние, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі бүгін осы шетсіз байлықтың бірсыпырасын көрсетті.

 

Тергеу кезінде ақшалай 9 миллион доллар да тәркіленген.

 

Одан бөлек, Қоспаев ешқандай ресми құжатсыз Алматы облысының аумағында зәулім сарай тұрғызған. Қала сыртындағы жекежайда бассейн, фитнес орталық, кинотеатрды айтпағанда, үйінің ауласын нағыз хайуанаттар бағына айналдырыпты. Ол жерде асыл тұқымды жылқылардан бастап, арыстан, аюға дейін жүр.

 

Жалпы ұйымдасқан топтың жымысқы әрекеттерінің кесірінен келген шығын көлемі 4 млрд. 600 мың теңге айналасында.

 

Қоспаев пен оның сыбайластары қол астына жұмыс істеген адамдарға жылдар бойы жалақы бермей, зорлық көрсетіп, ешқайда шығармаған дейді агенттік тергеушілері.

 

Қоспаевтың үй қызметшісі:

 

- 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін Шалин зорлап келді. Қанша жерге қашып кеттім. Үш қалаға. Ұстап, алып келеді. Үшінші қашқанымда Медеу ауданына барып арыз жазғанымда. Медеу ауданының полицейлері шығып, Елдос Қоспаевқа телефон соғып: «Твоя крыса у нас» деген. Мен солардың үстінен арыз жазған едім.  Мені қинап ұстады. Сөйтіп, бес жыл өмірім психологиялық күйзелісте болды.

 

Күдікті Елдос Қоспаев пен оның сенімді серіктестеріне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

 

Ұйымдасқан қылтыстық топ 11 адамнан құрылған. Оның бесеуі қазір қамауда. Ал жетекшісі Елдос Қоспаевпен бірге алты адамға халықаралық іздеу жарияланған.

 

Қылмыстық топ Алматының кәсіпкерлерін қорқытып-үркіту арқылы бизнесін тартып алумен айналысқан. Алматы мен Ақтауда алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сатумен айналысатын ірі компанияларды бопсалап, кірістерінің бірнеше пайызын иемденген дейді қаржы мониторигі агенттігі. Осылайша ұйымдасқан топ заңды белшесінен басып, қыруар табысқа кенеліп отырған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста