Қарағандыда мешітке келушінің құжаттары мен ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағанды полицейлері мешітке келген тұрғынның құжаттары мен ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында сол күні мешітке барған уақытта белгісіз біреу сырт киімінің қалтасынан ішінде 187 мың теңге ақшасы, жеке бас куәлігі және автокөлігінің құжаттары бар әмиянын ұрлап әкеткені туралы көрсеткен. 

 

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді іс-шаралар барысында бейнекамералардың бірінен мешітке келген автокөлік анықталды. Көліктен белгісіз жүргізушісі шығып, мешітке кірген. Кейін сол азамат мешіттен асығыс шығып, көлікке отырып кетіп қалған. 

 

Азаматтың қылығы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Атқарылған жұмыстар барысында көліктің 34 жастағы иесі анықталып, ұсталды. Ол ұрлық жасағанын мойындады.

 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста