Павлодарда көңіл қосқан азаматына пышақ тыққан әйел сотталды

Павлодарда көңіл қосқан азаматына пышақ тыққан әйел сотталды

Сот отырысында айыпталушы бұл әрекеті үшін өкінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өтен жылдың желтоқсан айында 41 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адаммен бірге үйінде ішімдік ішкен. Ол әйел адамға балағат сөздер айтқаннан кейін екеуі сөзге келіп қалған. Сол кезде ашуға  бой алдырған әйел ас үйден 15 см пышақты алып, ер адамның кеудесінен бір ұрған. Салдарынан ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріліп, ауруханаға жеткізілген. 

Аталған іс Павлодар қаласының №2 сотында ҚК 106-бабының 1-бөлімі –«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру «бойынша қаралды.  Сотта әйелдің бұрын бірнеше рет сотталғаны және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды.  Жәбірленуші сотталушыға шағым жоқ екенін айтып, оны  бас бостандығынан айырмауын сұрады.  

– Әйел адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде төрт жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінді соттың үкімінде. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста