Өз анасын өлтірген Павлодар тұрғыны іздестіріліп жатыр
Өз анасын өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған Павлодар тұрғыны іздестіріліп жатыр. Соққы белгілері бар әйелдің мәйіті өз пәтерінен табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
26 шілдеде Павлодар қалалық Полиция департаменті Лермонтов көшесіндегі пәтерден ұрып-соғу белгілері бар 66 жастағы әйелдің денесін тапты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптама тағайындалды.
"Қайтыс болған әйелдің ұлы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар қалалық ПД.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жарты жылға жуық ізделген әйелдің мәйіті табылған еді. Оның 15 жасар ұлы кісі өлтірді деген күдікке ілінген.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz