Меккеге апарамын деп Түркістан тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды

Меккеге апарамын деп Түркістан тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды

Полицейлер Меккеге апарамын деп тұрғындарға 11 миллион теңге шығын келтірген жетісулық алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына қажы боламын деп алаяққа алданған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол 2022 жылдың қазан айында Меккеге кіші қажылыққа 10 күнге апарып келемін деген белгісіз біреуге сенген. Содан алаяқтың сөзіне иланып, оған ұшу билеті, қонақ үй мен тамақтану үшін жалпы 423 мың теңгесін берген. Бірақ уәде орындалмағандықтан, тұрғын полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Осы аралықта полицияға тағы бірнеше тұрғын шағым түсіреді.

Ал сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғындарды алдап кеткен адамды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді. Жәбірленушілер ақша аударған есепшоттар тыңғылықты тексеріліп, куәлардан жауаптар алынды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны Алматы қаласынан ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Ол Жетісу облысының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті Меккеге барғысы келген 30-дан астам сайрамдық тұрғындардың ақшасын алып, жәбірленушілерге 11 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда полиция күдіктінің жалпы 14 жайт алаяқтық дерегіне қатыстылығын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста