Көршісінің қызын қолын байлап әкеткен әйел 2 айға қамауға алынды
Кішкентай қыз баланың аузын жауып, қолын байлаған әйел 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
«Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында .
Еске сала кетейік, 19 маусымда әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің кішкентай қыз баланың аузы мен қолын байлап, белгісіз бағытқа әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Бұл жайт желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысының Қарғалы ауылындағы қыз баланың видеосына пікір білдірді.
Осы жайттан кейін полиция мән-жайды анықтап, күдіктіні ұстады. Қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz