Көкшетауда үш қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген 25 жастағы әйел ұсталды
Көкшетау қаласында жеңгетайлықпен айналысқан 25 жастағы әйелдің үстінен іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті облыс орталығында пәтер жалдап, жеңгетайлықпен айналысқан.
«Атап айтқанда, жеңгетай клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін үш әйелді пайдаланған. Олардың бірі облыс орталығының тұрғыны болса, екеуі өзге елдімекендерден келгендер. Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.
Жыл басынан бері Ақмола облысында жезөкшелікпен айналысатын 22 адам анықталып есепке қойылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу