Ер адам аулада ұрған: Павлодарда қыз бала ауруханаға түсті
Оқиға Айманов көшесінде орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Әйел адам әлеуметтік желіде сіңлісін мас ер адамның балалар алаңында ұрғанын жазған. Зардап шеккке жеткіншектің жасы 12-де.
– Қыздың бет-аузы көгеріп кеткен. Оны арашалап алған көршілердің айтуынша, басынан төбешікке ұрған. Басқа да балаларды қорқытқан, – дейді хаттың авторы.
Облыстық полиция департаментінде аталған факт 26 сәуір күні тіркелгенін хабарлады.
– Оқиға орнына полиция басқармасы Солтүстік бөлімінің учаскелік инспекторы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, өткен тәулікте 2011 жылы туған қыз бала «жұмсақ тіндердің жарақаты» диагнозымен ауруханаға түскен.