"Дәретханаға кіргенде балтамен ұрды"

"Дәретханаға кіргенде балтамен ұрды"

Петропавлдағы мектептердің бірінде жасөспірімнің қолынан зардап шеккен оқушы болған жағдай туралы айтып берді. Сөзінше, жасөспірім қағаз бен мақтадан жасалған маска киген. Ал қолына ас үйге арналған балта мен пышақ ұстаған. Ал мектеп әкімшілігі жасөспірімнің жақында Алматы қаласындағы психоневрологиялық диспансерден ем қабылдап келгенін айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Зардап шеккен оқушының сөзінше, жасөспірім дәретханаға кіргенде тап берген екен. 

"9-сынып оқушысы шабуыл жасады. Дәретханаға барғым келген. Есікті ашып едім, ол балтамен ұрды. Мектеп формасын киген, бетінде маска болды. Қолына балта мен пышақ ұстапты. Тағы қыз бен ұл балаға шабуыл жасады. Қыз 10-сыныпта, ұл 9-сыныпта оқиды", – деді ол.

Оқушы қаскөйдің артық шу шығармағанын айтады. Барлығы бірнеше минутта болған. 

"Жарақат орнын қарап, қоспроекциялы түсірілім жасады. Басы айналған, жүрегі айнып, қан қысымы көтерілді. Соққы басы, желкесі мен кеудесіне тиген. Ауруханада барлығын тексерді. Мектепке қалай балта және пышақпен кіреді? Тым болмағанда күзетші тұруы керек емес пе?!" – деді Петропавл қаласының тұрғыны Вера Горбаченко. 

Зардап шеккендердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, көмек көрсетіліпті. 

"Қазір екі оқушы ауруханада, жағдайы тұрақты. Алдын ала мәлімет бойынша балта мен пышақты сөмкесіне салып кірген. Балалардың сөмкесін тексермейді, тексеруге ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан сөмкесіне салып алған, сосын дәретханаға кірген", – деді СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

№4 мектепте барлық оқушылар үйлеріне жіберілген. Бұл жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. 

"Кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, онымен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімнің психологиялық есепте тұрғаны анықталды. Оқиғаның өзге де мән-жайы сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде тексеріледі. Жасөспірімнің әрекеті мен мектеп әкімшілігіне қатысты құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин. 

Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес шабуыл жасаған жасөспірім 15 жаста. Оған "күйзеліс" диагнозы қойылған. №4 мектепте 2022 жылдың қарашасынан бері білім алады екен. Жақында ғана Алматы қаласындағы психневрологиялық диспансерде ем қабылдаған көрінеді.

Еске салайық, Петропавлда №4 мектепте балта және пышақпен қаруланған 15 жастағы жасөспірім оқушыларға шабуыл жасап, 3 адамды жарақаттаған еді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста