Бұрынғы жігітін пышақтап өлтірген бойжеткенге үкім шықты (видео)
Ақтөбеде өзінің бұрынғы жігітін той алдында пышақтап өлтірген бойжеткен сот залында босатылды. Эльмира Асылжарова 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Пертеспен сырқат бойжеткен тергеу оқшаулағышында бір жыл болғандықтан, жаза өтелді деп саналды.
Бұл туралы «Диапазонға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Қайтыс болған жігіттің туысқандары жазамен келіспей, шу шығарды.
Сот барысында төреші ІІД қызметкерлері дәлелді жинау кезінде айтарлықтай қателіктерге жол бергенін алға тартты.
«Бізге Жоламанның мәйіті табылғанын да хабарламады. Біз ол туралы тек 6 маусымның кешінде білдік. Інімді өлтіріп, оны зорлаушы деп айыптады. Ол онымен қыста айырылысып кеткен. Оның басқа сүйіктісі бар болса, оны зорлап қайтеді? Керісінше, Эльмира мен оның ағасы оған қайта-қайта хабарласып, мазасын алатын. Заводское бөлімінің тергеушілері бізді алдап, істі екі жыл бойы созып келді. Ал енді өлтірушіні сот залынан босатты! Біз бұны жайымен қалтырмаймыз. Мұның бәрі әділетсіз!» – дейді қайтыс болған жігіттің бауыры Арман.
Сотталушы тарап та оңтайлы шешім шыққанына қарамастан, тергеудің дұрыс жүргізілмегенін алға тартты.
«Тергеушілер көптеген олқылықтар жіберіп қойды. Өлімге медицина қызметкерлерінің қатысты болу-болмауы тексерілмеді. Жігіт қанның көп кетуінен өлген болуы да мүмкін ғой? Ол өлмес бұрын қанша уақыт жатқанын кім білсін? Зорлауға келетін болсақ, оның болғанын дәлелдейтін айғақтар бар», – дейді сотталушының қорғаушысы Дархан Мырзабеков.
Сотталушы сот залынан жылап, шығып кетті.
Еске салсақ, 2013 жылдың 5 маусымында Жоламан Эльмираға үйленгелі жатқанын хабарлайды. Одан кейін жігіт пышақталған күйде көлікте табылады.
Эльмираға өзін қорғану кезінде артық кеткені үшін қылмыстық іс қозғайды. Ол зорланғаны үшін жігіттің мойынына пышақ сұққанын мойындайды. Кейін жігіттің тусықандары Жоламанның оны зорлауы мүмкін еместігін алға тартты. Олардың сөзіне сенсек, алдыңғы орында отырған Жоламанға артқы жақтан пышақ соққысын жасаған.
2015 жылдың қаңтарында іс “Адам өлтіру” бабына ауыстырылады. 11 қыркүйекте сот “өзін қорғау кезінде артық кету” бабы бойынша жаза тағайындайды.
Сот шешімі жарияланғаннан кейін Жоламан Мұратовтың жақындарын сот залынан күшпен шығарды: олар соттың сатылып кеткенін айтып, айқайлаумен болды.