Бір отбасының қылмыстық оқиғасы: Ажырасу. Әйелінің тегі
Бұл оқиға 2013 жылы Жаңаөзенде басталған. Кәсіпкерлікті дөңгелеткен Баян Жетібаева күйеуі Мұратханмен бірге иелігіне "Бөкен" базары, сауда орталығы, "Нефтяник" стадионы және басқа да мүлік кіретін "Бөкен" ЖШС-і үшін үлкен күрес бастайды, деп хабарлайды altyn-orda.kz
Мүлік дауы – қиын дау
Сонымен бірге Баян өзінің қайын інісі, сол кездегі "Бөкен" ЖШС компаниясының басқарушысы Батырбек Жетібаевпен де оңбай араздасады, Батырбек те кезінде отбасылық бизнестің өркендеуіне үлесін қосқан адам еді.
Баян Батырбекке шүйлігеді, реніштерін айтып. Екеуі тіпті бас жаққа барысып, бөлесі туған әпкесін соққыға жығып тынады.
Баян Жетібаева былай еске алады: "Ол мені итеріп жіберді, құлап қалдым. Мойныңды бұрап, жұлып алам, деді, Құдай сақтағанда, сол жерде кездейсоқ болған адамдар мені құтқарып қалды".
Баянның оқиға орнындағы суреті
Ал мынау кайнысы Батырбек, куәгерлер оған басу айтып жатыр
Отбасылық қырғын мұнымен аяқталмайды
Баян Жетібаеваның Айнұр деген қызы бар, екінші рет күйеуге тиген. Ақшаға деген өлермендіктің келесі құрбаны сол күйеу бала болды.
Айнұрдың бірінші күйеуі мәрт жігіт болған екен. Жалғыз бір чемоданын көтеріп, кете барды. Отбасылық бизнеске таласпады, шындығында әрине, оның да бұл бизнесте үлесі зор болатын.
Өмір жалғасады. Үш жылдан соң Айнұр Жетібаева Боранәлі Ақпанбетке күйеуге шықты.
Боранәлі кім еді? Адвокат еді. Талай жыл прокуратурада, қаржы полициясында жұмыс істеген, өзінің кәсіпкерлікке де мықты икемі бар.
Үйлене салысымен Боранәлі отбасылық бизнестің бар проблемасын өз мойнына алады. Жетібаевтар отбасының бұрыннан төленбей келген қиын несиелерін жабады. Кәсіпті дөңгелете түседі, қысқасы.
Бірақ бұрынғы прокурор, қаржылық полицей "Бөкен" базарындағы бизнестің заңсыз жүріп жатқанын көреді. Мемлекетке төленіп жатқан бір тиын салық жоқ. Базар аумағы күл-қоқысқа толып жатыр. Қылмыс деген өршіп тұр, есірткі саудасы қызып тұр. Жаңаөзен базары тура тоқсаныншы жылдардағы жабайы базар қалпынан әлі шықпаған.
Бұрынғы прокурор біледі. Мына түрімен Жетібаевтар отбасының көп ұзамай түрмеге тікелей жол тартатынын. Содан Боранәлі іске кірісті.
Ең алдымен ол базардағы жабайы сатушыларды жеке кәсіпкерлерге айналдырып, олардың қызметін заңдастырады. Енді базар бандиттерге емес, өркениетті елдердегідей, мемлекеттің заңды салық органдарына заңды салық төлейді. Бизнес жеңілдеп, базар сатушылары да бір жеңілдеп қалады.
Боранәлі базарда бұрын өмірі болмаған электр, газ, су есептеуіштерін орнатады. Ақыр соңы инвестор тауып, базарды заманауи талаптарға сай ететін түбегейлі модернизацияға кіріседі.
"Бөкен" базарының бас реконструкциясы деген жоба әзірлеп, оны жүзеге асыруға кіріскен Боранәлі болашақта базар орнынан ірі сауда кешенін құрмақ еді.
Боранәліге дейін "Бөкен" базарының ұсқыны осындай еді
Осындай болуы тиіс еді
Реконструкция жұмыстары күндіз-түні жүргізіле бастады.
Жеті мың шаршы метрге шатыр орнатылуда.
Құрылыстан видео:
ВИДЕО:www.youtube.com/watch
ВИДЕО: www.youtube.com/watch
ВИДЕО: www.youtube.com/watch
Заманға сай бутиктер қойылды. Металл қаңқалар мен дәнекерлеу жұмыстарының өзіне миллиард теңгеден астам ақша кетті. Оңай ақша емес бұл. Әрине, базардан түсетін табыс туралы уақытша ұмытуға тура келді.
Ұлы құрылыс жүріп жатыр, қысқасы. Әрине, сауда деген тоқтай тұрады мұндай жағдайда. Бәрі түсінікті емес пе?
Кейде еркектің әбден түсініп тұрған нәрсесін әйел заты түсінбейтіні бар.
Тура солай болды. Жетібаевтар отбасындағы әйелдер Боранәліні түсінбейтін күйге түседі. Табыс жоқ өйткені. Бұл қалай? Табыс қашан болады? Енді Айнұрды анасы мен әпке-сіңлілері жағадан алады.
Ажырасу мен әйелінің тегі деген әңгіме осыдан шықты.
Жетібаевтар отбасы Боранәлінің "жігітше", бизнеске таласпай, Айнұрдың баяғы "бірінші күйеуі" сияқты бір чемоданын арқалап кеткенін қалады.
Бірақ Боранәлі Ақпанбет өйте алмайды. Базар құрылысына қарызға алған үлкен кредиті бар. Ақшаны қойшы, бұл жобаға бейшара жігіт бар жаны мен тәнін салған. Енді қалайша бәрін тастай салмақ?
Көзі қарақы, саналы, көкірегі ояу жігіт сотқа жүгінді. Ал Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы адамгершілікті алға тарта отырып, шешім шығарды: Боранәлі Ақпанбет пен Айнұр Жетібаеваның ортақ мүлкі екеуара теңдей бөлінсін деді.
Осыдан кейін отбасылық емес, таза отбасылық-қылмыстық оқиға басталады.
(Жалғасы бар)