Батыс Қазақстан облысында жанжал соңы атысқа ұласты

Батыс Қазақстан облысында жанжал соңы атысқа ұласты

Ақсай қаласында көпқабатты тұрғын үй ауласында ер адамдар арасында қақтығыс болып, тапаншадан оқ атылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталмыш оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды.

 

Онда ер адамдардың бір-бірімен байланысып, біреуінің соққы жұмсап, қаша жөнелгені көрінеді. Бәрі соның соңынан қуып бара жатқан сәтте атысқа ұқсас дауыс та естіледі.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 18.00-де болды.

 

«Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде жанжалға қатысушылардың бәрі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасына (газды қаруды қолданып жасалған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы толық анықталатын болады. Аудан прокуратурасы тарапынан жазбалай нұсқау берілді. Зардап шеккендер жоқ. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес таратуға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.

 

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста