"Ату жазасына да келісемін": Арыстанбек Мұхамедиұлы кез келген жазаға келісетінін айтты

"Ату жазасына да келісемін": Арыстанбек Мұхамедиұлы кез келген жазаға келісетінін айтты

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана сотында соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Адырна-ға сілтеме жасап. 

«Бір жылдан астам қазақстандықтар және әлем «Алтын адам» көрмесіне қатысты қылмыстық істің барысын бақылап келеді. Биыл 17 сәуірде соттың алғашқы отырысында мен Мемлекет басшысының жарлығын орындау үшін Үндістаннан «Алтын адамды» елге аман-сау алып келгенімді айттым. Елшілік, басқа да құзырлы органдардың көмегімен локдаунның дәл алдында құнды дүниені Қазақстанға жеткіздік. Мен заң бұзған жоқпын және кінәмді толық мойындамаймын. Оны бұған дейін де айтқанмын. Сөзімнің дәлелі - айыптау актісінің жаңа тұжырымы, онда прокурор қаржы жымқыру, сөз байласу және ел заңын бұзу деректерін келтірген жоқ. Барлық шақырылған куәгер ұрлық деректерінің, тіпті айыпталушы тарапынан заңсыз әрекеттер болмағанын қайталады»,—деді сотталушы.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқыру деген айыппен мүлдем келіспейтінін жеткізді.

«Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болсын.. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың «Өлімнен ұят күшті» деген мақалы бар. Мен алпыс жыл лайықты өмір сүрдім»,—деді ол.

Еске салайық, 2022 жылдың 29 мамырында Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.


Caravan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста