Астаналық әйел әлеуметтік желіде танысқан сүйіктісіне 91 млн ақша жіберген

Астаналық әйел әлеуметтік желіде танысқан сүйіктісіне 91 млн ақша жіберген

Алаяқтық  жасағаны  үшін Т. Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы). Сотталғаннан жәбірленуші С.-ның пайдасына материалдық залалды өтеу есебіне 91 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Т.-ның жәбірленушімен әлеуметтік желіде танысқанын және хат алмасу барысында өзінің оны ұнатып қалғаны туралы айтып сендіргенін анықтады. Ол өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директорымын деп таныстырып, сондай-ақ шындыққа жанаспайтын мәліметтерді, соның ішінде жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап әрі қолма-қол ақшаға өте мұқтаж екенін айтып сендіріп, жәбірленушіні алдаған. Өз кезегінде жәбірленуші белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн-банктік аударымдар арқылы әр түрлі сомада ақша аударып отырған. Осындай қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Т. жәбірленушіге 91,6 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. Залал өтелмеген.

Т.-ның іс-әрекеттері алаяқтық, яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау ретінде сараланды.

Апелляциялық шағымында сотталған адам тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұрады.

Т.-ға ҚК-нің 52-бабына сәйкес әділ әрі сай жаза тағайындалғандықтан апелляциялық сатыда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста