Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдар қызметіндегі заңдылықтың жай күйін талдау барысында мұғалімдермен жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломдарды ұсынды, нәтижесінде олар балаларды оқыту құқығына ие болды.
Тексеру қорытындысымен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігімен, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.