Арыстағы атыста көз жұмған 2 жігіттің бірі қылмыс әлемінің серкесі болған

Арыстағы атыста көз жұмған 2 жігіттің бірі қылмыс әлемінің серкесі болған

Арыстағы жантүршігерлік қылмыс – криминалды топтар арасындағы кек алу операциясы болған. Өйткені, қаза тапқандардың бірі «Черный Алмас» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі болса, екіншісі оның серігі. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-каналында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Козачковтың айтуынша, оқ атқан екі күдіктінің бірі анықталған, оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

«Екеуінің бірінде «Сайга» екіншісінде винчестер болған. Олар аулаға кіріп оқ жаудырған да, Алмас Жолдасов пен Жандәулет Қабыловты қосымша басынан тағы атқан. Яғни, күдіктілер осы екеуін өлтіру мақсатымен келген. Мұнан кейін екеуі көпірдің астында мотоциклдерін және киімдерін тастап, ары қарай қашып кеткен. Екі шлемнің бірінен саусақ іздері табылды. Ол 19 жастағы Бауыржан Тулептің саусақ ізі. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп жазды ол.

 

Оның пікірінше, мұндай қылмысқа бұрынғы шешілмеген дау себеп болған.

 

«Осыдан бір жыл бұрын Арыста жергілікті кәсіпкердің ұлы кісі қолынан қаза тапты. Кәсіпкердің бауыры ертеректе Рыжий Алмаздың қылмыстық тобында мүше болған. Яғни, қылмыс әлемінің өкілі. Ал жас жігіттің өліміне осы Черный Алмас адамдарының қатысы бар екені айтылды. Жәбірленушілер әділ сотқа сенбеген болса керек, өздері кек алған сияқты», – деп жазды журналист.

 

Еске салайық, қанды қылмыс 5 тамызда Түркістан облысының Арыс қаласында болды. Үй салып жатқан төрт ер адамды мотоцикл мінген екі жігіт атып кеткен. Олардың екеуі қаза тапса, екеуі ауруханада жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста