Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топтың бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған тұлғалардың кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға «Тойота Камри» автокөлігін рәсімдеуді талап еткені анықталды.
Ағымдағы жылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы 3-бөлігі «бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталғандар қамауға алынды.